Жер учаскесін сатып ала жаңа үйлерге кіре алмай жүрген адамдар шешім іздеуде
Жеке меншік жерден жер учаскесін сатып алған адамдар үй соғып алып, кіре алмай жүр, – деп хабарлайды Taspanews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
50 үй учаскесі сатылғаннан кейін барлық тұрмысқа қажетті сумен, газбен, жарықпен қамтамасыз етемін деп сендірген алғашқыда осы жерлерге иелік еткен Азат Қожыбаев міндеттерінен жалтаруда. Іле ауданының Асқар Тоқпанов ауылдық округі әкімі Бауыржан Жұмабаев бұл іске араласа алмайтынын айтты. Мемлекеттік бюджет жеке меншік иесі бар жерге жұмсалмайды.
Мұнда тұрамыз деп үй салып қойғандар да, үйін бітіре алмай жүргендер де бар. 50 участкеден 3 есе көп жер иеленгеніне қарамастан уәде орындалмауда. Электр трансформаторын аламыз деп те ақша жинаған жер сатушы соңында 350 мың теңгені алып, нәтижесінде жарық та қосылмаған. Нәтижесінде, халық оны сотқа беруді ойлауда.