Жетісу облысы ҰҚК шекара қызметі киік мүйізінің тасымалының жолын кесті
Фото: freepik
Соңғы мәліметтерге сәйкес, киік дериватын әкету фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҰҚК ШҚ сілтеме жасап.
17 қазанда Жетісу облысы ҰҚК ШҚ «Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында киік мүйізін тасымалдап, әкетудің алдын алды. Жалпы мүйіз саны 991 дананы құраған.
Облысытық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы елге келтірілген шығынды 2 млрд теңгеден астам деп бағалады.
Қылмыстық іс полиция назарында болады.