Жетісу облысы Жаркент қаласында 1200 орындық жаңа мектеп ашылды
Фото: Pexels
Жетісу облысында “Жайлы мектеп” жобасы аясында 1200 орындық мектеп ашылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz 24kz сілтеме жасап.
Жоба орын жетіспеушілік, 3 ауысымдық білім беру жүйесі мен апаттық мектептер мәселесін шешу аясында жүзеге асырылды.
Мұнда нанотехнологиялар мен Steam кабинеттері, тігін кабинеттері бар. Тамақтанатын жер 230 адамға жабдықталған. Дене шынықтыруға арналған 2 спорттық зал қарастырылған.