Жетісу облысында 110 адамға үй берілмек

Pexels фото на taspanews.kz от 31 октября 2024 16:17
Фото: Pexels

Жыл соңына дейін Жетісулық Көксу ауданында 110 адамға тұрғын үй беріледі, – деп хабарлайды Taspanews.kz Жетісу облысы әкімдігіне сілтеме жасап.


Қазіргі таңның өзінде Көксу ауданында 1518 адам үйге кезекке тіркелген. Тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 50 тұрғын үйді сатып алып, бөлу жоспарланған. Оның он жетісі Республика күні мейрамына орай үйлестірілген.


Балпық би ауылында ауданның әлеуметтік қызметкерлері мен жас мамандарына арналған 20 пәтерлік жалдамалы үй құрылысы жоспары әзірленген.


Сонымен қатар, отбасыларға Балпық би ауылында жеңлдетілген несие бойынша пәтерлер берілуде.  


Следите за новостями Taspanews