Жетісу облысында апатты жағдайда тұрған мектептің орнына жаңа оқу орны құрылысы басталады
Фото: ҚР Прембер-министрі сайтынан
Жетісу облысы, Рудничный ауылында 1967 жылы соғылған апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа ғимарат тұрғызылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңы шеңберінде жаңа мектеп құрылысына 2,6 млрд теңге бөлінеді.
Рудничный ауылында 241 мектеп жасындағы және 6 жасқа дейінгі балалар тұратынын ескере, жаңа мектептің сыйымдылығы 200 оқушыға дейін қарастырылған. Сонымен қатар 30 бала оқытылатын мектепке дайындық орталығы ашылады.
«Бұған дейін Үкімет Петропавлда балабақша, Атырау облысындағы Жамансор ауылында және Ұлытау облысының Мыңадыр стансасында мектеп, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешенін салуға, Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға және басқа да жобаларды жүзеге асыруға қаржы бөлген болатын»,