Жетісу облысында балалар буллингі мен зорлық-зомбылық мәселесінің шешімін табу алға қойылды

Pexels фото на taspanews.kz от 05 февраля 2025 10:44
Фото: Pexels

Жетісу облысы прокуратурасы білім беру органдарымен бірлесіп пилоттық жобаны бастады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.


Панфилов ауданынан басталған жоба аясында оқушылар QR код арқылы заңсыз әрекеттерді хабарлап, көмек сұрай алады. Олардың тұлғасын жасырып қалу анонимділік арқылы жүзеге асады. Осылайша, олар бірден прокуратурамен байланысқа шығады. 


Аудан бойынша 56 мектепте аталған QR код орналастырылды. Облыс бойынша кодтар басқа да оқу орындарына қойылады.


Следите за новостями Taspanews