Жетісу облысында малшы атымен бірге жоғалып кеткен

Фото: ҚР ТЖМ

Жетісу облысында 10-ақпан күні түстен кейін атты адам малын іздеуге шығып, қайта оралмаған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Малшы Лепсі ауылынан 10 шақырым жерде атымен бірге табылды. Ер адамның аяқ саусақтары үсіп қалған. Құтқарушылар оны Лепсі ауылдық ауруханасына жеткізді.


Еске салсақ, 21-қаңтарда Қызылорда облысында жоғалған малшыны іздестіру жұмыстары жүргізілді.