Жетісу облысында жеке табыс салығы мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасынан алынған

Pexels фото на taspanews.kz от 07 ноября 2024 16:50
Фото: Pexels

Жетісу облысы прокуратурасы мүмкіндігі шектелген балалардың ата-аналарынан жеке табыс салығы заңсыз түрде алынып жатқанын анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Жетісу облысы прокуратурасына сілтеме жасап.


Кербұлақ ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық кодексіне қарсы келе, салықты негізсіз ұстап қалған.


Осылайша, бір қызметкерден 2021 жылдан 2023 жылға дейін 400 мың теңге ұсталған. Осыған ұқсас 19 жағдай тіркелген.


Нәтижесінде 2 млн теңгеге жуық қаражат қайтарылды және салық бөлімі басшысына сөгіс жарияланды.


Следите за новостями Taspanews