Жетісу және Абай облыстарында республикалық маңызы бар жол учаскелері жабылды
Фото: Pexels
Жетісу және Абай облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар 4 автожол учаскесі жабылды, – деп хабарлайды taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Жетісу облысы “Үшарал-Достық - ҚХР шекарасы” Көктұма ауылы-Достық станциясы.
“Алматы-Талдықорған – Өскемен Шемонаиха – РФ шекарасы” Үшарал қ. Абай облысы учаскілері уақытша жабық.
Сонымен қоса Абай облысы “Қарағанды - Аягөз - Тарбағатай-Бұғаз” учаскесі Қайнар ауылы, Баршатас ауылы учаскесінде де көлік қозғалысы шектелді.
“Алматы - Талдықорған-Өскемен Шемонаиха-шекарасында Жетісу облысы - Таскескен автожолдары жабық.
Бұрқасын мен көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты тұрғындарға «Дармен» қосымшасы арқылы ескерту хабарламалары жіберілді.