Жетісуда орманшылар Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны үшін сотталды

Pexels фото на taspanews.kz от 25 февраля 2025 11:18
Фото: Pexels

Қаратал аудандық соты сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулау ісі бойынша үкім шығарды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.


2024 жылдың қыркүйек айында «Үштөбе орман шаруашылығы» КММ-нің үш қызметкері азаматтық тұлғамен бірлесіп, қызметтік көлікті пайдаланып, Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны анықталды. Сот үкімімен олар ҚР ҚК-нің 337-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.


Мемлекетке келтірілген 7 миллион теңгеге жуық залал толық өтелді.


Следите за новостями Taspanews