Жезқазғанда мың теңге пара бермекші болған ер адам жарты миллион теңге айыппұл төлеуге мәжбүр
Фото: Freepik
20 қазанда Жезқазғанда жол ережесін бұзып, патрульді полиция инспекторына 1 мың теңге паоа ұсынған ер адам сотқа шақырылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ұлытау соттарына сілтеме жасап.
Полиция қызметкері пара беру әрекеті туралы өзі хабарлаған. Іс қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды.
“Сот отырысында азамат өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Нәтижесінде, оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 676-бабы бойынша 516 880 теңге айыппұл салынды”, –