Жезқазғандағы мұнай базасындағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Фото: pixabay.com
Жезқазғанда төтенше жағдай орын алып, салдарынан қаладағы мұнай базаларының бірінің жұмысшылары зардап шекті. Олардың бірі ауыр жағдайда, – деп хабарлайды Taspanews.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Осыған дейін 25-қаңтарда Жезқазғандағы мұнай базасының аумағында өрт шықты. Нысанда орналасқан үш мамандандырылған көлік отқа оранды. Жалыннан жарылыс болып, ангар қабырғаларының құлауына себеп болды. Салдарынан, алты адам зардап шекті.
Бесеуі Жезқазған облыстық көпсалалы ауруханасына жатқызылды. Бір адам ауруханаға жатудан бас тартты.
Дәрігерлер ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы туралы мәлімет берді.
«Бас-сүйек ми жарақаты мен миы шайқалған екі науқас өзін жақсы сезіне бастады, ауруханадан шығарылуға дайындалуда. Олардың емі сәтті өтті, жағдайлары тұрақты. Денелерін түрлі деңгейде күйік шалған тағы екі адам травматология бөлімінде дәрігерлердің бақылауында. Олардың жағдайы тұрақты. Ең үлкен алаңдаушылық жансақтау бөлімінде жатқан бір науқастың жағдайымен байланысты. Бұл адамға шұғыл ота жасау қажет болды. Оның денесін күйік шалып, басқа да жарақаттар алған»,
Мұнай базасында туған өрттің себебі анықталуда, тергеу жүргізілуде.
Зардап шеккендердің өмірі үшін күрес жүргізілуде.