Жоғарғы сот тергеп-терксерудің мерзімі өтіп кеткендіктен алаяқты жазадан босатты
Фото: Pexels
Қылмыстық-процестік нормалардың бұзылғандығы алаяқ деп күдіктелген Қ.Байтұрсынова ақтауға себеп болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Жоғарғы Сотына сілтеме жасап.
Қ.Байтұрсынова ісі бойынша процестік заң бұзушылықтар қатары бірнеше:
- сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімінің өтуі;
- қылмыстық істерді бөлу және біріктіру;
- дәлелдемелерді жинау кезіндегі бұзушылықтар;
- ҚПК-нің 323-бабы бойынша істі прокуратураға қайтару кезіндегі нормалардың сақталмауы.
Жәбірленушілер бұл шешіммен келіспеді, алайда кассациялық қараудан кейін ақтау үкімінің күші жойылмады.