Жоғарғы Сотта несие міндеттемесін төлеуден жалтарған адамға қатысты іс қозғалды

depositphotos фото на taspanews.kz от 09 января 2025 16:20
Фото: depositphotos

2017 жылы жасасқан несие шартын жарамсыз етіп тану бойынша іс Жоғарғы Сотқа жетіп, қаралды, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


2017 жылы жеке тұлғалар А. Мен Т. арасында 2018 жылғы 9 тамызға дейін несие туралы қарыз шарт жасалған. Қарыз сомасы – 338 млн теңге болды.


Несие алушы Т. несие шарты жасалмағанын және ақшаның оған іс жүзінде аударылмағанын айтып, шартты жарамсыз ету бойынша сотқа жүгінген. Бірінші сатыдағы сот талап қою мерзімінің өтіп кеткенін алға тартып, талапты қанағаттандырмады. Несие алушы мерзімді өткізіп алу бойынша сенімді, дәлелді себептер келтірмеген. Оның 2017 жылы, 9-тамызда шартқа қол қойғаны ғана белгілі болды.


Аппеляциялық сот Т.-ны қолдап, несие берушінің ақша аударуды растайтын дәлелі жоқ екенін алға тартып, даулы шартты жарамсыз етті.


Алайда, іс Жоғарғы Сотқа келіп түсіп, аппеляциялық сот актісінің күшін жойды. Екі жақтың ақша берісіп жатқан кезін көрген куәгер табылды. Одан бөлек, қарыз алушы ақшаны бөліктерге бөліп, қайтарғаны белгілі болды. Бұл А.-ның Whatsapp желісінен анықталды. Бірінші сатыдағы сот шешімі қайта бекітілді.


Следите за новостями Taspanews