Жол құрылысына арналған жер бойынша мараторий жарияланды

P фото на taspanews.kz от 04 февраля 2025 12:57
Фото: pixabay.com

Қазақстанда ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталады, осыған байланысты Үкімет жолдардың құрылысына бөлінген жер телімдерін беруге мораторий енгізу туралы шешім қабылдады, –  деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шешім жол жобаларын іске асыруды жеделдету және жер ресурстарын тиімдірек және үнемді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. Мұндай шаралар құрылыстың кідіруіне және жобалардың қымбаттауына жол бермейді.


Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов аумақтарды жол құрылысына тиімді дайындау құрылыстың мерзімі мен бюджетіне тікелей әсер ететінін атап өтті.


«Дайындық жұмыстары кейінірек қосымша шығындарға немесе кешігулерге әкелетін кедергілер болмауы үшін алдын ала аяқталуы керек»,


– деді Олжас Бектенов.


Мораторий тек жолдарды салуға және қайта жаңартуға арналған жерлерге қолданылады. Бұл әкімдіктерге қажетті аумақтарды алдын ала резервке алып, олардың нысаналы мақсатын реттеуге мүмкіндік береді.


Сондай-ақ құрылыс жұмыстарына тартылатын карьерлерді жасауға құжаттар дайындайды. Одан бөлек, жер телімдерін сатып алуға қатысты мәселелерді заңнамалық реттеу жеделдетіледі.


Следите за новостями Taspanews