Жолаушылар пойыздың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылай алатын болады

Фото: Pexels
«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы» атты қызметін іске қосты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҚТЖ сілтеме жасап.
Пойыздардың қозғалысы тәулік бойы бақыланып, GPS-трекерлер арқылы пойыздың қозғалыс нүктесін дәл анықтау жүргізілуде. Бұл қозғалыс кестесін жаңартуға мүмкінідік береді. Қызмет «Жолаушылар тасымалы» АҚ Ситуациялық орталығы аясында дайындалды.
«Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы» жолаушыларға нақты уақыт режимінде пойыздың қозғалысын картадан бақылауға (пойыз қызыл түспен белгіленеді), таңдаған станциядағы келу және жөнелту кестесін тексеруге, қозғалыс кестесіндегі өзгерістерді бақылауға, барлық аялдама станцияларын, олардың күту уақытын және межелі бекетке шамамен келу уақытын көруге мүмкіндік береді»,
Қызмет ҚТЖ-ның билет сататын сайтында және Tablo-railways.kz сайтында қолжетімді.