«Жолаушылар тасымалы АҚ» үшін жаңа үлгідегі вагондар жасалады

ҚТЖ фото на taspanews.kz от 09 апреля 2025 10:56
Фото: ҚТЖ

Астанадағы «Stadler Қазақстан» зауытында «Жолаушылар тасымалы АҚ» арналған жаңа үлгідегі вагондар өндірісі іске қосылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҚТЖ сілтеме жасап.


Зауытта 2030 жылға дейін 557 бірлік вагон жасап шығару жоспарланды. Оның ішінде купелік, плацкарттық, генераторлық вагондар болады. Одан бөлек, ерекше қажеттіліктері бар жолаушылар үшін арнайы вагон қарастырылды.


Купелік вагондар 40 жолаушыға арналған. Заманауи климаттық бақылау жүйесі, бейнебақылау, электр жылу құрылғылары мен автоматты өрт сөндіру жүйесі жабдықталады.


Осы жылы 51 вагон қолданысқа беріледі.


Вагондарды дайындайтын зауыт 20 жыл бойы техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Қазіргі таңда мұнда өндіріс жүруде. Осы орайда, жергілікті мамандар даярланды. Мұнда 400-ден астам қызметкер қызмет атқарады. Зауыттың толық технологиялық циклі келесі:


• Вагон корпустарын дәнекерлеу және бояу;


• Электрлік компоненттерді жинап, құру;


• Тележкаларды жасау және орнату;


• Вагонның ішкі жабдықтарын орнату;


• Қызметке шығар алдында статикалық және динамикалық сынақтар жүргізу.


«Жолаушылардың жайлылығы үшін әрбір купеде электр розеткалары мен ұялы телефондарды жол бойы қуаттауға арналған USB-порттар орнатылады. Жаңа пойыздардың ерекшеліктерінің бірі — сыртқы келбетінің мемлекеттік тудың көк, сары және ақ түстерінде жасалуы. Бұл шешім Қазақстанның ұлттық болмысын және рәміздік мәнін айшықтай түседі. Жаңа вагондар Қазақстанның климаттық ерекшеліктері мен елді мекендер арасындағы ұзақ қашықтықтарды ескере отырып арнайы әзірленеді», – делінген ҚР ҚТЖ хабарламасында.

Следите за новостями Taspanews