«Жолдасым миллионер болған жоқ»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасының мұрасы қалай бөлінгенін айтты

Ләйлә Сұлтанқызы фото на taspanews.kz от 01 октября 2024 13:00
Фото: instagram.com/sultankyzy

Қазақстандық танымал тележүргізуші әрі журналист Ләйлә Сұлтанқызы жолдасы қайтыс болғаннан кейін мұрасы қалай бөлінгені туралы айтты. Сұлтанқызы бұл туралы журналист Айгерім Сейфоллаға берген сұқбатында ашыла айтып, марқұм жолдасының мұрасы бөліске түскенін растады. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.


Оның сөзінше, күйеуінің үлкен балалары кішкентай екі бауырына еншілерін бергісі келмеген.


«Шын мәнінде өсиетхат болған жоқ, заң бойынша алты ай көлемінде күтуіміз керек болды. Яғни басқа балалары бар ма, бар болса, олар дәлелдеуі керек деген сияқты тұстары бар. Мұра алты айдан кейін беріледі. Біздің жағдайда бес адам болды: ұлы мен қызы, екеуміздің екі ұлымыз және заңды әйелі, яғни мен. Яғни қандай мүлік болсын, ол алты адамға бөлінеді. Ешқандай дүние-мүлік қалған жоқ, бірақ некеде жиналған кез келген дүние-мүлік балаларға теңдей бөлінеді. Үлкен балалары еншісін екі кішкентай бауырларына берген жоқ. Бергісі де келмеді. Оның себебін де түсінемін. Олар қалыптасқан тұлға. Олар да Қайрекеңнің балалары. Жолдасым миллионер болған жоқ», – деп жауап берді Сұлтанқызы.  


Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews