Жүкітілікті жоспарлау аясында Қазақстанда "Аналар саулығы" бағдарламасы әзірленді

Фото: Pixabay

Денсаулық сақтау министрлігі «Аналар саулығы» бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаға сәйкес, жергілікті дәрігерлер бала көтеру мен тууға қабілетті жас аралығындағы әр әйелді тексеріп, оның денсаулық индексін анықтайды, - деп хабарлайды Taspanews.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер, жас қыздар мен жасөспірімдер ерекше бақылауда болады.


«Біз еліміздегі әрбір әйелді жүктілікті жоспарламас бұрын емханаға барып, тексеруден өтуге шақырамыз».


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі


Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда 10 млн-нан астам әйел тұрады, соның ішінде 4,7 млн бала тууға қабілетті.