Жұмыс тобы "Самара-Шымкент"тас жолында болған апатты тергейді

Жұмыс тобы "Самара-Шымкент"тас жолында болған апатты тергейді фото на taspanews.kz от 08 августа 2024 09:33
Фото: Ақтөбе облыс әкімдігі

Ақтөбе облысы әкімдігінің тапсырмасы бойынша "Самара-Шымкент" автомагистралінде болған апаттың себептерін зерттейтін жұмыс тобы құрылды,– деп хабарлайды Taspanews.kz әкімдіктің Telegram-каналына сілтеме жасап. 


Еске салсақ, Бекқұл баба шағын елді мекенінің жанындағы тас жолда кеше таңертең жүк көлігі мен "Тойота Ипсун" автокөлігі соқтығысқан. Бұған дейін көлікте алты адам болғандығы туралы ақпарат айтылған. Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, Тойотада жеті жолаушы мен жүргізуші болды: үш ересек және бес мектеп оқушысы. Олардың барлығы оқиға орнында бірден қайтыс болды. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ.


Ақтөбе облысы басшысының орынбасары Жолдас Батырханның басшылығымен жұмыс тобының мүшелері оқиға орнына келді.


Оқушылар ата-аналарымен бірге Маңғыстау облысына футбол жарысына бармақшы болған, ол туралы білім бөлімі, Білім және полиция басқармасы хабардар болмаған.


Сотқа дейінгі тергеу іс-шаралары жүргізілуде.


Следите за новостями Taspanews