Жұмысшы Рудныйдағы "Соколовская" шахтасында қаза тапты

Фото: Pexels

Рудныйда орналасқан Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігіне тиесілі "Соколовская" шахтасында қайғылы жағдай орын алды. Instagram әлеуметтік желісіндегі бірлестіктің баспасөз қызметінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп құлауы салдарынан қызметкерлердің бірі қаза тапты,– деп хабарлайды Taspanews.kz.


Апатты оқиға -280 метр тереңдікте жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде орын алды. Ресми мәлімдемедеге сай шахта қызметкері тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп құлауы салдарынан өлімге әкелетін жарақаттар алған.


"ССКӨБ" АҚ қызметкерлері мен басшылары жазатайым оқиға құрбанының туыстарына көңіл айтып, оларға осындай қиын кезеңде жан-жақты көмек көрсетуге уәде берді. Сондай-ақ оқиғаның себебін анықтау мақсатында мұқият тергеу жүргізілуде.