Жұмысшылар үшін ипотека мен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламары жеңілдетіледі

Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жұмысшы кадрлар үшін үйді жалға беру мен ипотека мәселесін жеңілдетуді көздейтін бағдарламаларды іске қосуды тапсырды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ukimet баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Келесі кезекте, Өнеркәсіп, Энергетика, Көлік, Ауыл шаруашылығы мен Су ресурстары министрлігі Отбасы банкімен және әкімдіктермен, кәсіпорындармен мәмілеге келіп, жеңілдетілген бағдарлама мәселесін пысықтау керектігі мәлімденді.


«Жұмысшы кадрларды әлеуметтік қолдаудың үздік корпоративтік тәжірибесін кеңінен таратып, жаңа ынталандыру шараларын енгізу керек»,  – ҚР Премьер-министрі.

8 қаңтар күні өткен Үкімет отырысы қорытындысында Премьер-министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу бойынша жоспарларды сапалы түрде жүзеге асыруды тапсырды.