«Zhurek» әнімен әлемге танылған Adam-ның некесіз баласы бар

Фото: Ашық дереккөзден

Adam лақап атымен танылған Фарух Мирхидай «Zhurek» әнімен әлемдік топ-чарттарды жарған еді. Жуықта оның бұрынғы сүйіктісі «Астарлы ақиқат» студиясына келіп, әншіден некесіз баласы бар екенін айтты.


Қыздың сөзінше, әншімен танысқан кезде оның отбасы бар екенін білмеген. Дүниезада Фарухтың баласына тегін беріп, алимент төлегенін қалайды.


«Давай не болей» клипінің түсірілімі кезінде таныстық. Таныстық соңы бір-бірімізді ұнатуға жалғасты. Біздің көзқарасымыздан бәрі түсінікті болды. Бірақ клип шыққанға дейін байланыс үзіліп қалды. Алты айдан кейін клип шықты. 2021 жылдың 3 қарашасы болатын. 27 маусым күні жеке парақшама маған «Жүзіңіз таныс» деп жазды. Сол кезден бастап, араласа бастадық. Өзім фотограф болып жұмыс істеймін. Алматыға келген күні жолығайық деді. Жолығып, саябақта қыдырдық. Екінші күні-ақ маған махаббатқа қатысты әңгімелер айта бастады. Үйленбегенін айтты. Ол кісіден жеке өміріне қатысты бәрін сұрап алдым. Бірақ ол маған еркін адам екенін айтты. Алайда мені алдаған. Бір айдан кейін жыныстық қатынасқа түстік. Мен бірден жүкті болдым. Ол естігенде маған үйленетінін айтты. Бірақ ол үйленген, отбасы бар екен. Егер оған күйеуге шықсам, оның екінші әйелі боламын. Мен жүкті болғасын, келістім. Бірақ ол баланы туғаннан кейін келуін қысқарта бастады. Соңғы рет осы жылдың наурыз айында ғана келді. Перзентханадан ұлын шығарып алған жоқ. Заңды некеге тұрған жоқпыз. 20-30 мың теңге ғана көмек беретін. Бұрын ұлыма пәтер алып беремін дейтін. Кейін ондай сөз айтпадым деді. Есіне салып едім, болашақта деді. Бағдарламаға келудегі мақсатым – заңды түрде ұлын мойындап, алимент төлеттіру. Ұлымның аты – Темерлан. Әкесі қойды. Ұлым әкесінің әнші екенін біледі. Көшедегі ілініп тұрған афишалардан көріп, «папа» деп айқайлайды», – деді Дүниезада Абдуллаева. 


Пост из социальной сети