Жүргізуші куәлігін алу бойынша емтиханға жазылу енді тек арнайы қосымша арқылы жүргізіледі

Depositphotos фото на taspanews.kz от 17 января 2025 15:56
Фото: Depositphotos

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу бойынша емтиханға жазылу жалпыға ортақ арнайы қосымша арқылы жүзеге асады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ХҚКО сілтеме жасап.


Ендігі кезекте арнайы теориялық және практикалық емтихандарға «ХҚКО» қосымшасы арқылы ғана жазылу мүмкін болады. Қауіпсіздік үшін бірінші кезекте биометрикалық идентификациядан өту, сосын SMS код арқылы жеке басын растау қадамдары қарастырылды.


«Одан кейін жүргізуші куәлігіне үміткер «Теориялық емтиханға жазылу» немесе «Тәжірибелік емтиханға жазылу» батырмасын таңдайды. Бұдан соң қызмет алушыға 1414 нөмірінен хабарлама келіп түседі. Айта кету керек, SMS хабарлама Мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөміріне жіберіледі. Қосымша арқылы емтиханға жазылу үшін алдын ала мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, өтінім нөмірін алу қажет екенін ескертеміз», – Халыққа қызмет көрсету орталығы хабарламасынан.

Бұл қосымша емтихан уақыты мен өзгерістер туралы мәлімет беріп отырады.


Жаңа кең ауқымда қосымша шыққандықтан, booking.gov4c.kz сайтында жүзеге асатын брондау қызметі өшіріледі. Сайт арқылы тек емтиханның өту барысының трансляциясын бақылауға болады.


Қосымша Google Play мен App Store арқылы қолжетімді.


Следите за новостями Taspanews