Жыл басынан бері Қазақстанда 18,7 қызметкер жалақы ала алмай келген

Pexels фото на taspanews.kz от 09 декабря 2024 11:05
Фото: Pexels

2024-жылдың басынан бері 277 кәсіпорын қызметкеріне еңбекақы төлемей, қарыз қалған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ЕХӘҚМ сілтеме жасап.


Мемлекеттік еңбек инспекторлары 17, 5 мыңнан астам қызметкердің құқығын қорғап, 3,4 млрд теңге қаражатты жалақы ретінде жұмысшыларға қайтарды.


50,3 млн теңге айыппұл салынды.


“Бұдан бөлек, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек саласына қатысты – 5 723; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 793; халықты жұмыспен қамту бойынша – 67 бұзушылық анықтады”, – ҚР ЕХӘҚ министрлігі.

Следите за новостями Taspanews