Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау, заң қызметтерінің сапасын қадағалау: Әділет министрлігінің жартыжылдық қорытындысында

Әділет министрлігінің жартыжылдық қорытындысы фото на taspanews.kz от 31 июля 2024 10:45
Фото: Премьер-министр сайты

Әділет министрлігі 2024 жылдың өткен жартыжылдығын қорытындылап, ұлттық заңнаманы дамыту,  азаматтар құқығын қорғау, халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мен автоматтандыру бойынша жүргізілген іс-шара мен заңнамалар туралы шолу жариялады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.


Президенттің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Заңнамалық актілерге зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру мәселелері туралы» жолдауын іске асыру мақсатында 2 заң жобасы әзірленіп, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғауды қамтамасыз ету, зияткерлік меншікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, Қазақстан Республикасына инвестиция тартуға және креативті экономиканы дамытуға ықпал ететін қосымша құралдарды енгізу жоспарланды.


Мемлекеттік органдардағы заңгерлік қызметтін сапасын арттыру мен біліктілігін қадағалау іс-шаралары іске асуда. Бұл нормативтік құқықтық актілерді (НҚА) мемлекеттік тіркеу кезінде бюрократияны жоюға ықпал етеді.


Осы және тағы басқа халыққа маңызы бар жаңа құқықтық-нормативтік актілерді түсіндіру бойынша жұмыс күшейген. Құқықтық сауаттылықты арттыру мен тегін заңгерлік көмек көрсету аясында «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылған. 


Следите за новостями Taspanews