Мейрханқызы Алтынай, 20 жастамын.Қазіргі таңда студентпін және болашақта журналистика саласында өз орнымды табуды мақсат етемін. Кенжеғали Сагадиев атындағы Халықаралық Бизнес(UIB) университетінің конвергентті журналистика мамандығында 4-курс студентімін.
Алдағы уақытта журналист ретінде көп еңбектеніп, кәсіби биіктерден көрінуді мақсат етемін. Ақпарат саласында өз орнымды тауып, қоғам үшін маңызды мәселелерді көтеру – мен үшін үлкен жауапкершілік. Бұл салада өз қолтаңбамды қалдырып, үлкен жетістіктерге жету – менің
басты арманым!
Қазіргі уақытта taspanews.kz ақпараттық сайтында тәжірибеден өтіп, кәсіби біліктілігімді шыңдаудамын. Бұл тәжірибе маған жаңалықтарды жедел әрі сапалы дайындау, дереккөздермен жұмыс істеу және журналистік зерттеулер жүргізу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беруде.