S&P Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB-/A-3» деңгейінде растады

P фото на taspanews.kz от 24 февраля 2025 13:18
Фото: Pexels

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/A-3» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты», – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Экономика министрлігіне сілтеме жасап.


Елдің қуатты фискалдық және сыртқы баланстары ықтимал сыртқы тәуекелдерге төтеп беруге жеткілікті резервтерді қамтамасыз етеді. Агенттік сарапшылары елдің өтімді сыртқы активтері сыртқы борыштан едәуір асып түседі деп болжауда.


Сондай-ақ, Теңіз кен орнындағы қуаттылықтардың кеңеюі және мұнай өндірудің өсуі экономикалық өсімге оң әсер етеді деп күтілуде.


S&P Қазақстанның фискалдық ережелерді сақтауы орта мерзімді фискалдық траекторияны айқындайды деп есептейді. Салық базасын кеңейту мен Ұлттық қордан қосымша трансферттерді шектеу бюджет тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.


Агенттік сарапшылары елдің банк секторының геосаяси жағдайлар мен  макроэкономикалық тәуекелдерге тұрақтылығын атап өтті. Олардың пікірінше, екінші деңгейлі банктерде жеткілікті капитал қоры мен тұрақты өтімділік бар.


Следите за новостями Taspanews