«Әкемнен үлкен адам»: актриса Гүлжан Қалыбаеваға «Тамашаның» басшысы көңілдесі болуға ұсыныс жасаған

Театр және кино актрисасы Гүлжан Қалыбаева әйгілі «Тамаша» театрынан не себепті кеткенін мәлімдеді. Өнер иесі журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында жеке өмірі мен шығармашылығы жайлы ашып айтты. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.
Актрисаның сөзінше, оның театрдан кетуіне «басшының көңілдесі болудан бас тартқаны» себеп болған.
«Маған «Тамашаның» басшысы екі ойлы ұсыныстар жасады. «Сен өмір бойы театрдың басты рөлде ойнайтын актрисасы боласың» деген секілді ұсыныстар жасады. Мен «олай болмайды, сіздің жасыңыз менің әкемнен де үлкен» дедім. «Олай болса, көзіңді құрт» деді. Гастрольге барып тұрып, мені концерттен алып тастады. Айдалада көк тиынсыз қалып, біреуден қарыз алып, Алматыға қайттым. Кейін «Тамашадан» қол үздім», – деді актриса.