«Бүкпесіз бәрін айтып бердім»: Дана Есеева балаларына әкелерінің сотталғанын қалай жеткізгенін айтты
Қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін сотталған Мейіржан Төребаевтың жұбайы Дана Есеева балаларына әкесі туралы қалай жеткізгенін айтты.
Блогердің сөзінше, ол бұл жағдайды балалардан жасырмай, турасын айтуды құп көрген.
«Жағдай қалай болды, бүкпесіз бәрін айтып бердім. Балаларымның жасы қазір 4-14 аралығында. Мен оларға ашық түсіндірдім. Сол үшін де анамын. Дәл қазірге кезеңде олармен көбірек әңгімелесуім керек. Ешкімді алдаған жоқпыз. Қандай да бір іссапарға кетті деп өтірік айтпадық. Біріншіден, оның сотталғаны туралы бүкіл жерде айтылды ғой. Балалар да TikTok-та отырады. TikTok-та әдейі сол бағытта науқан жүріп жатқан. Хейт көп болды, видеолар көп салынды. Сол себепті балалар бәрібір сол видеоларды көретін еді», – деді Есеева Виктория Новичковаға берген сұқбатында.
Айта кетейік, Дана Есеева бүгінде бес баласын жалғыз тәрбиелеп отыр.