Ақтауға Бразиялиядан азаматтық авиациядағы апаттарды зерттейтін CENIPA орталығы келді

Фото: ҚР Көлік министрлігі

Ақтауға бразилиялық авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы мен мемлекетаралық авиация комитеті өкілдірі келіп, оқиға орнындағы бірлескен міндеттерді талқылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.


Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның штабында жиналыс өтіп, мәселені шешуге күш біріктірілді.


Еске салсақ, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ құлады. Апат орнында Қазақстан азаматтары да болды. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде растады: 


«Президент Маңғыстау облысында болған ұшақ апатынан Қазақстан азаматтары да қаза тапқанына тоқталып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына тағы да көңіл айтты» Ақорданың ресми ақпаратынан.