Алимент төлемегені үшін Ақтау тұрғынына қылмыстық іс қозғалды
Фото: Pexels
Ақтау қалалық прокуратурасы 3 млн теңге алиментті төлемей, қарызданған азамат ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу өткізді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Маңғыстау прокуратурасы сайтына сілтеме жасап.
Қылмыстық кодекстің 139 бабы – "Балаларын күтіп-бабтауға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару" бойынша сот алды тергеу жүргізілді.
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айыпты күнәсі расталды.
Осы орайда 5 шілде күнгі сот шешімімен оны 6 айға бас бостандығынан айыруға шешім қабылданды.