Алматы облысы Жетісу ауданында жаңа көпір қолданысқа берілді

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы облысы, Жетісу ауданы тұрғындары өтініштері қанағаттандырылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.


Есентай өзенімен өтетін, Жолымбет көшесіндегі 1960 жылғы көпір ауыстырылды.


Сонымен қатар, Kokjiek Garden саябақ аймағында жақында мұз айдыны қолдануға беріледі. Ал Есентай өзені бойы көрікті аймаққа айналды:


"Мұнда спорт және балалар алаңдары, жарықтандыру және автосуару жүйесі орнатылды. Енді серуендеу әлдеқайда жайлы болмақ. Бұрын бұл аумақ Гамарник көшесімен өтетін автомобиль жолы ретінде пайдаланылған. Тұрғындардың өтінішімен Көкжиек шағын ауданын Кемел шағын ауданымен байланыстыратын жағалау аймағының құрылысы қолға алынды", – Алматы әкімдігі.