Алматы облысында дәрігердің пернетақтасын сындырған әйел жазаланды

Алматы облысы, Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында медицниналық қызметкерді лауазымлық міндеттерін атқару кезінде құрметтемеген әйелге қатысты іс қаралды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы облысы сотына сілтеме жасап.
2025 жылы, 22 қаңтар күні сағат 19:00-де айыпталушы Қарасай орталық аудандық ауруханасының қабылдау бөлімінде терапевт дәрігерге дөрекі сөз айтып, пернетақтасын сындырған. Азамат сотта күнәсін мойындап, пернетақтаны ауыстырғанын айтты. Кешірім сұрап, ісіне өкінгенін жеткізді. Қайың енесінің денсаулығына алаңдаулы болғанын түсіндірді.
Айыпталушы С-ның күнәсі дәлелденді. Мойындауы, өкінуі мен басқа материалдар негізінде сот оны ӘҚБтК-нің 80-1-бабының 2-бөлігіне сәйкес күнәлі таныды.
«Сот ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын, сондай-ақ алғаш рет жасалған әкімшілік құқық бұзушылықты ескерді, сот айыппұлды 30% - ға қысқартып 82 572 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады»,