Алматыда онкологиялық ауруға шалдыққандар мүгедектік ала алмаған

Фото: Pexels
Алматы облысы прокуратурасы мүгедектік ала алмай жүрген онкологиялық ауруға шалдыққан науқастардың құқығын қорғады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Жергілікті емханаларда оларды мүгедектік алу үшін арнайы медициналық ұйымдарға жібермегені анықталды. Осылайша, науқастар мүгедектік ресімдей алмай, жәрдемақысыз қалды.
«Қадағалау актісі бойынша қалалық емханалардың 9 басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды, 8 пациентке І-топ мүгедектігі берілді»,