Алматыда судья пара алған деген күдікпен ұсталды
Алматының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Дастан Слямкулов пара алды деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz CMN.kz сайтына сілтеме жасап. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оның үйінде және қызмет орнында тінту жүргізуде.
Бұл судьяның азаматтардан ақша алу арқылы бірнеше рет заң бұзғаны анықталды. Алматы қаласы Қылмыстық қауіпсіздік басқармасының арнайы комиссиясы айғақтарды жинауға бағытталған тергеу жүргізуде.
Тінтулер сонымен қатар сот қызметкерлеріне, соның ішінде сот хатшысы мен мекеменің бас әадминистраторына қатысты болды.
Сонымен қатар, бұл қылмыстық әрекеттерге Алматы полиция департаментінің бес полиция қызметкерінің қатысы бар деген күдікке ілінген. Оның екеуі ЖПҚ-нің қызметкерлері, қалғандары Жетісу өңірінің құқық қорғау органдарында жұмыс атқарған.