Астанада жұмыс беруші 600 адамның жалақысын бермегені үшін жауапқа тартылды

Pexels фото на taspanews.kz от 20 ноября 2024 10:33
Фото: Pexels

Астанада “Жасыл Аймақ” Республикалық мемлекеттік кәсіпорны жұмысшылардың бір айлық жалақысын төлемегені үшін жауапты болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.


600 адамның қыркүйек айындағы төленбеген жалақысы 144 миллион теңгені құрады. Есіл ауданы прокуратурасы жұмысшылардың құқығын қорғап, берешектің өтеуін қамтамасыз етті.


Бұзушылық үшін лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Еске салсақ, 8 қарашада Астана прокуратурасы мемлекетке келтірілген шығынды қайтарды.


Следите за новостями Taspanews