Атырау облысында су қауіпсіздігінің қосымша шаралары енгізілді
Фото: Атырау облысы ТЖД
Атырау облысында су қауіпсіздігінің қосымша шаралары енгізілді, деп хабарлайды Taspanews.kz Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Атырау облысында қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін су айдындарындағы сақтық шаралары күшейтілді. Осы бағдарлама аясында Жедел-құтқару жасағының суда құтқару бөлімшесінде жиын өтіп, онда шомылу маусымында рейдтерді күшейту мәселелері талқыланды. Шараға ОСО, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, Төтенше жағдайлар департаменті және Жол полициясы басқармасының қызметкерлері қатысты.
Айта кетерлігі, қазір Атырау облысында суға түсу маусымы әлі басталмаған.