Атыраудан Тбилисиге дейін тікелей рейстер іске қосылады

Pexels фото на taspanews.kz от 18 февраля 2025 10:43
Фото: Pexels

Air Astana әуе компаниясы 27-мамырдан бастап Атыраудан Тбилисиге дейін тікелей қатынауды іске асырады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми хабарламаға сілтеме жасап.


Airbus ұшағы екі қала арасында аптасына үш рет – сейсенбі, жұма мен жексенбі күндері қатынайды. Жаңа бағыт қосылса, рейстер саны аптасына он беске дейін көбеймек. Тбилисиге ұшу Алматы, Астана, Атыраудан жүргізіледі.


Одан бөлек, әуе компаниясы Атыраудан Стамбұлға, Дубай мен Амстердамға тұрақты түрде қатынайды.


Қазақстандықтар Грузияда визасыз бір жылға дейін жүре алады.


Следите за новостями Taspanews