Әзілкеш Нұравсхан Басқожаев әдепсіз сөздері үшін қамауға алынды

Фото: Getty Images / Ilya Burdun

Стенд-ап әзілкеші Нұрасхан Басқожаев Мадлен атымен танымал блогер Мадина Мамадалиева жайлы сахнада әдепсіз сөздер айтқаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Taspanews порталы ҚР Жоғарғы сотына сілтеме жасап.


ҚР Жоғарғы сотының ресми Telegram-каналының хабарлауынша, Басхожаев ойын-сауық мекемесінде сөз сөйлеген кезде жиналған көрермендердің алдында блогер жайлы балағат сөздер айтып, тәртіп бұзған.


«Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс бойынша көрсетілген фактілерді растады», - делінген хабарламада.

Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен «Ұсақ бұзақылық» бойынша дәрежеленген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Жаза ретінде әзілкеш 15 тәулікке қамауға алынды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.