Белгілі балалар хирургиясының негізін қалаушы Камал Ормантаев дүниеден өтті

Балалар фото на taspanews.kz от 12 февраля 2025 15:40
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

89 жасқа қараған шағында еліміздегі балалар хирургиясының негізін қалаған педиатр дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Камал Сәруарұлы Ормантаев өмірден озды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.


Ғұмырын медицинаға арнаған Камал Ормантаев 1936 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1953 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне оқуға түсіп, болашақтағы кәсіби жолын бастады.


1968 жылы осы оқу орнында балалар хирургиясы кафедрасына басқарушы болды. Бұл ғылыми мектепке негіз салды. Сондай-ақ 1980-1993 жылдары Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жетекшілік етті.


Камал Ормантаев 20 000-нан аса күрделі хирургиялық операция жасап, мыңдаған баланың өмірін сақтап қалды. Оның жетекшілігімен 1500-ден астам білікті дәрігерлері даярланып, еліміздің түкпір-түкпірінде және шетелдерде үздік мамандар қатарына қосылды. 


Следите за новостями Taspanews