Бокс бойынша 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Фото: Pexels

World boxing Халықаралық федерациясы ресми түрде әлем чемпионатының Астанада өтетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Olympic.kz сілтеме жасап.


Шараның ұйымдастырылуы бойынша ақпарат, өтетін күндері мен орны әзірге белгісіз.


"Лос-Анджелестегі Олимпиада қарсаңында осы әлем чемпионатының маңыздылығын түсіне отырып, World Boxing-ке бізге сенім артқаны үшін алғыс айтамын", – деді ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, World Boxing олимпиада комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин.