Елордада жаңа балабақшасы бар мектепті пайдалуға рұқсат берілмеген

Фото: Астана прокуратурасы

Астанада балабақшасы бар мектеп салу жобасын іске асырған инвестор объектіні пайдалануға рұқсат құжатын ала алмаған, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала прокуратурасына сілтеме жасап.


Нысан құрылысы аяқталған соң уәкілетті орган жоба техникалық күрделі объект ретінде қате жіктелгенін келтіріп, оны қайта сараптамадан өткізуді талап еткен.


Астана прокуратурасы қадағалау актісін қарап, инвестордың құқығын қорғады. Рұқсат беру құжаттары қамтамасыз етіліп, объект пайдалануға берілді. Уәкілетті орган өкілдері жауапкершілікке тартылды.