Қарағанды облысында ТЖМ қызметкерлері жүкті әйелді ауруханаға жеткізді
Фото: Depositphotos
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаров ауылында жүкті әйелмен келе жатқан медициналық көлік қатты бораннан шығудан қиналған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Жедел жәрдем көлігін сүйемелдеу қажет болды. Осы орайда Төтенше жағдайлар қызметі әйелді ТРЭКОЛ техникасымен аудандық ауруханаға жеткізді.
Еске салсақ, 7 қарашада Түркістан облысында полиция қызметкерлері ұқсас жағдайға тап болды.