Картоп 240 теңгеден сатылуы мүмкін

Фото: Pixabay.com

Қазақстандағы картоп бағасы әлі де өзекті. Кейбір дүкендерде 1 килограммы 360-400 теңгеден сатылса, кейбір дүкендерде ол мүлде жоқ, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


11 ақпанда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров картоп құны 240 теңгеден аспайтынын айтты және мән-жайды анықтауға уәде берді.


Сапаров кейбір жерлерде оның бағасы 1 кг үшін 450 теңгеге дейін көтерілгенін келтіріп, бұл шұғыл араласуды қажет ететінін растады.


«Мен вице-министрге неліктен кейбір желілерде картоп жоқ екенін анықтауды тапсырдым. 5-10 КамАЗ-бен тауармен қамтамасыз етуге дайынбыз. Біздің сату бағамыз келісіне 200 теңге, 20% үстемемен, соңында құны 240 теңгеден аспауы керек. Біз нарықта бұл жағдайдың неліктен қалыптасқанын анықтайтын боламыз», – деді министр.


Картоп бағасының күрт өсуі Қазақстанда бірінші рет орын алған жоқ. 2021 жылы елде бұл өнімнің құны 1 килограмына 500 теңгеге жеткен кезде серпіліс байқалды. Кейін тауарды Пәкістан мен Қырғызстаннан әкелу арқылы мәселе шешілді. 2024 жылдың соңында бірқатар аймақтарда бір адамға 5 кг-нан артық картоп сатып алмау туралы шектеулер енгізілді.


Қазіргі бағаның көтерілуі маусымдық, тұрақтандыру қорлардындағы картоптың азаюымен байланысты болуы мүмкін. Дегенмен, Ауыл шаруашылығы министрлігі резерв жеткілікті, тапшылық болмауы керекін айтты.