Қазақстан бойынша Олимпиадаға дайындық тәртібі өзгеруі мүмкін

Фото: Pexels

Мәжіліс отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов халықаралық жарыстарға дайындық әр өңірге басым спорт түрлерін бекіту бойынша жүргізілетінін айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Мәжіліс отырысына сілтеме жасап.


Халықаралық жарыстарға дайындық барысында басымдық берілетін спорт түрлері 180-нен 60-қа дейін азаяды. 


Ендігі кезекте ел ішінде аймақаралық бәсекелестік болмайды. Әр өңірге басым спорт түрлері бекітіледі.


Солар бойынша Олимпиада, Паралимпиада, ұлттық спорт жарыстарына дайындық жүргізеді.