Қазақстан-Өзбекстан бағыты бойынша саяхаттауға арналған арнайы теміржол бағыты жұмысын бастайды

Pexels фото на taspanews.kz от 14 ноября 2024 12:33
Фото: Pexels

Екі шекаралас ел Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын “Жібек жолы” темір жол туры саяхатшылар үшін дайын, – деп хабарлайды Taspanews.kz СТМ сілтеме жасап.


Ең алғашқы рейс 16 қарашада іске қосылады. Пойыз бағыты “Алматы – Түркістан – Ташкент – Алматы” маршруты бойынша қарастырылған.


Туристік бағдарлама төрт күнге есептелген. Сапар барысында аталған қалалардың көрікті жерлеріне бару көзделеді. Туристерге гид, тамақтану, көлік қызметі мен кіру билеттері ойластырылған.


Сапар барысында Қазақстан аумағында Әзірет сұлтан кесенесі, Керуен-Сарай туристік кешені, Арыстан баба кесенесі қамтылады.


ҚР Туризм және спорт министрі Ержан Еркінбаев бұл шет ел азаматтарының Қазақстан мәдениетін тануға айтарлықтай қызығушылығын танытатын әрі екі елді қоса аралап өтетін жергілікті туристер үшін танымдық маршрут болатынын атап өтті.


Следите за новостями Taspanews