Қазақстан темір жолы көктемгі су тасқынын алдын алу шараларын қолға алды

Фото: ҚТЖ ҰҚ АҚ
«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ мұз бен тасқын суды өткізуге жол мен жасанды құрылыстарды дайындауда, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚТЖ сілтеме жасап.
Тәулік бойы жұмыс істейтін 45 шайып кетуге қарсы пойыздар ұйымдастырылады. Олар пойыздардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді және жолдың бүлінген учаскелерін қысқа мерзімде қалпына келтіреді.
«Жол дистанциясының қызметкерлері 2,7 мың м3 астам кесек тастарын және 7 мың кондиционды емес темірбетон шпалдарын дайындады»,
Наурыз және сәуір айларында Атбасар, Есіл, Арқалық, Ерейментау, Күмістау, Достық және Защита жол дистанцияларында мұзды ұсақтау бойынша бұрғылау-жару жүргізіледі.
Елдің оңтүстігінде көпірлерді, су өткізгіш құбырларды, дренаждық құдықтарды тазалау, арықтарды тазалау жүргізілуде.
«Аумақтық органдармен бірлесіп теміржол төсемінен жоғары орналасқан 83 су қоймасы мен бөгеттің жай-күйін тексеру жұмыстары ұйымдастырылды. Су тасқынына дайындық-көктемгі-жазғы кезеңде пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды міндеттердің бірі»,