Қазақстанда ұшақ апатына байланысты сенім телефондары ашылды

Фото: Pixabay.com

Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты көмек көрсету үшін құрылған сенім телефондарының саны үшке дейін ұлғайтылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Басқарманың мәліметінше, жедел ақпарат алу үшін қазіргі уақытта келесі нөмірлер жұмыс істейді:


8 7172 55 96 21;


8 7292 31 90 91 – Ақтау қаласы бойынша сенім телефоны;


8 7292 31 90 99.


Бұл нөмірлер зардап шеккендердің туыстары мен достарына оқиғаның мән-жайын білуге ​​арналған.


Еске салсақ, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бірден ұшақ құлаған жерге аттанды.


Алдын ала мәлімет бойынша, Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақ бортында 70-тен астам адам болған. Ұшақ Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі болған. Мамандар оқиғаның себебін анықтауда.