Қазақстанның кей бөлігі - 35 градусқа дейін суытады
Алдағы күндері Қазақстанда ауа-райы аса аязды болады. Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірлерінде қар жауып, боран соғып, жел күшейіп, кенет суытатынын ескертеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты ел тұрғындары жолдарда ерекше сақ болып, аса қажет болмаса, ұзақ сапарға шықпауы керек. Батыс Қазақстанда көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер көктайғақтан сақ болуы керек.
Сондай-ақ, мамандар қарлы боран мен тұман кезінде көлікпен жүргенде қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін еске салады.
«Өңірлердің басым бөлігінде қар жауады, 25 және 26 желтоқсанда республиканың батысында, солтүстік-батысында және шығысында да ұқсас ауа-райы жағдайы орнайды. Оңтүстік-батыс облыстарда жауын-шашын аралас қар жауады. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында антициклонның әсерінен құрғақ ауа-райы сақталады»,
Республиканың көптеген аймақтарына бұрқасын, тұман, екпінді желге тән құбылыстар орнайды. Республиканың батысында көктайғақ ықтималдығы жоғары, бұл жол жағдайын қиындатады.
«Ауа температурасының күрт төмендеуі республиканың орталығы мен шығысында болжанады, онда түнде ауа температурасы -20 -35 °C жетеді. Қазақстанның басқа аймақтарында температураның күрт өзгермейді»,
– Қазгидромет.